Атырау облысында 80 жастағы әже еріктілерге көмектесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 80 жастағы әже еріктілерге көмектесті

06.04.2024

Көмек көрсетуден ешкім шет қалып жатқан жоқ. Атырау облысында су тасқынына қарсы күреске 80 жастағы әже де, ат салысып жатыр. Әлеуметтік желіде көпті сүйсіндірген зейнет жасындағы ананың еріктілерге көмектесіп жатқан бейнежазбасы тарады. Онда кейуана Атырау маңындағы Бейбарыс ауылында мектеп ұжымымен бірге еріктілердің қапшықтарын ашып көмектескен. Әлеуметтік желі қолданушылары "Бұл жастар үшін нағыз үлгі", - деген пікір білдірді.


Хабарламаларға жазылу