«Қайырымдылық керуені» жобасы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайырымдылық керуені» жобасы жалғасып жатыр

06.04.2024

«Қайырымдылық керуені» жобасы ел бойынша әлі жалғасып жатыр. Жергілікті тұрғындар 5 күннен бері тасқыннан зардап шеккен ағайынды қолдау мақсатында мешіттерге жылу жинауда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамашы болған шараға астаналық тұрғындар мен еріктілер белсенді түрде атсалысып жатыр.

Ілияс Отаров – «Әзірет Сұлтан» Мешітінің Қызметкері

4 күні тағы екі газель Ақтөбеге жіберген едік. Тағы да халықтың келуіне байланысты біз бүгін Оралға бір газель жібердік. Мынау бесінші газель. Тағы да Арқалық қаласына кетіп бара жатыр. 6 газель бос тұр. Оны толтырып Ақтөбеге жібереміз.


Хабарламаларға жазылу