Қазақстан халқы Ассамблеясы 110 млн теңгеге гуманитарлық көмек жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы 110 млн теңгеге гуманитарлық көмек жинады

06.04.2024

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жүректен жүрекке» жобасын іске қосып, 110 млн теңгеге гуманитарлық көмек жинады. Республика бойынша, 40 достық үйі орналасқан. Әр орталықта ашылған штабқа өңір халқы зардап шеккендерге азық-түлік, көрпе-төсек пен киім-кешектерін әкеліп, барынша жәрдем беруде. 25 көлікке тиелген жүкті/ еріктілер Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына жөнелтілді. Қолдау көресту әлі де, жалғаспақ.

Шерзод Пулатов, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңес мүшесі, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы:

Керекті мәліметтерді жинап және де таратып жатырмыз. Яғни бізде қазір аязық-түлік көп жиналды. Көрпе жастықтар жиналды. Біз ысырап болмас үшін аумақтарға барған белсенділер ақпаратты бізге жіберіп жатыр. Қандай азттарды біз жинауымыз керек, қандай нәрселерге көңіл аударуымыз керек деген мәліметтерді бізге жеткізіп жатыр. 04/24 ))

«Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында Көкшетауға елордадан гуманитарлық көмек жеткізілді. Екі жүк көлігіне тиілген азық-түлік, жылы киім-кешек сынды тұрмысқа қажетті заттар, бірден мұқтаж отбасыларға таратылды. Осыдан бір апта бұрын шаһардағы 80-ге жуық баспанаға қарғын су кіріп, 300-ден астам адам эвакуцияланған еді. Қазір, бірнеше отбасы қаладағы бейімдеу орталығы мен жалға алынған пәтерлерде тұрып жатыр. Көмек қолын созған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен сенат депутаттары, олармен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдады.

Геннадий Шиповских,  ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:

Осы келген мақсатымыз қазіргі ахуалмен танысу, өз көмегімізді жеткізу. Қазір көріп тұрған шығарсыздар, қаншама заттар келді. Қазіргі кезде біздің азаматтарымыз 40-қа жуық елді мекенде жұмыс істеп жатыр. Біз мұнымен тоқтамаймыз, әрине. 


Хабарламаларға жазылу