Австралияда суға кетіп бара жатқан 152 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда суға кетіп бара жатқан 152 адам құтқарылды

06.04.2024

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэлс штатында суға кетіп бара жатқан 152 адам құтқарылды. Бұл аймақта алапат тасқынның басталуына төпелеп жауған жаңбыр себеп болған. Құтқару операцияларының көбі штат астанасы Сиднейде жүргізілген. Ал көмек сұрап төтенше жағдайлар қызметіне хабарласқандар саны 4 мыңнан асып отыр. Жергілікті синоптиктердің хабарлауынша, елдің оңтүстік-шығысына өткен тәулікте түскен жауынның мөлшері/ бір айлық нормадан асып кеткен.


Хабарламаларға жазылу