Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты.
Сондай-ақ, бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Динара Жақыпбек