Бишімбаев ісі Мәдениет және ақпарат министрінің назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бишімбаев ісі Мәдениет және ақпарат министрінің назарында

05.04.2024

Қоғам назары ауған Бишімбаев ісі- Мәдениет және ақпарат министрінің де жіті назарында. Мұны Аида Балаева «Время» газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтты. Сот әділ шешім шығаратынына сенемін деді. Жалпы, некеге тұрмас бұрын неге мән беру керек? Психологтың кеңесі қандай? Әріптесім Динара Жарқынбек тарқатады.

Шыдаудың қажеті жоқ. Ажырасу ұят емес. Мәдениет және ақпарат министрі қыз-келіншектерге үндеу жасады.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық қыздарға, барлық әйелдерге айтарым: сізге бір рет қол көтерген адам күндердің бір күні өзгереді деп ойламаңыз. Өкінішке қарай, өзгермейді! Әйелді ұрып-соғып, қорлаған ер адам – моральдық негіздер мен адамгершіліктен жұрдай деген сөз.

Иә, отбасындағы зорлы-зомбылық деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Мұны Біріккен ұлттар ұйымы жариялаған еді. Алайда, Ішкі істер министрлігі бұл мәліметтің қате екенін айтты. Ведомство дерегінше, орта есеппен жылда 80-ге жуық қыз-келіншек жұбайының қолынан ажал құшады.

Ақмарал Серікбаева, ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

2020 жылы БҰҰ тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша соңғы 5 жылға қанша жағдай тіркелгені туралы зерттеу жүргізді. Олардың есебінше, Қазақстанда соңғы 5 жылда 400 әйел қаза тапқан. Бірақ бұл статистиканы БАҚ өкілдері «әр жыл сайын 400 әйел» деп көрсеткен. Бұл қате. Биыл 18 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Оның 4,5 мыңы сот қаулысымен қамауға алынды. Жалпы жылына 100 мыңға жуық қоңырау түседі. Орта есеппен 170-190 құрбан агрессордың қолынан қаза табады, олардың шамамен 80-і әйелдер.

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаевтың пайымынша, жарына қол көтерген,отбасының берекесін кетіретін адамдардың мінез-құлқы ұқсас болып келеді. Неке қимас бұрын, мұндай жандардың ісіне, сөзіне мән берген абзал. Яғни, олар қоғамдық орындарда агрессияның микроэлементтерін міндетті түрде көрсетеді. Өзгелермен тілдесуі, өзін құрбан етіп көрсетуі, аяныш сезімін оятуы сынды мінез-құлықтары болады.

Ержан Мырзабаев, психолог:

Аяныш сезімін ояту, ...қыспақтан шығуға мүмкіндік бермейді.

Олар адамға эмоциональные качели уйымдастырады. Бір күні қатты жақсы көреді, әйелінсіз өмір сүре алмайтындай көрсетеді. Ертесінде ашуға булығып, ұрып соғатындар да болады.

Еуропада да әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Кісі қанын мойнына жүктегендер мұнда 20 жылға темір торға тоғытылып, тіпті, өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Биыл ақпанда ЕуроОдақ елдері тұңғыш рет әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес туралы заңды бекітті.

Селин Годье, «Әйелдерге көмек»қоғамдық қорының заңгері:

Дамыған елдердің өзінде әйелдерді зорлау, қорлау тоқтайтын емес. Әйелдердерге жасалған зорлық-зомбылықпен айналысатын арнайы сот құрылуы тиіс деп есептеймін және қылмыскерлерге жазаны күшейту қажет.

Түркияда да Отбасын қорғау және әйелдердің қарсы зорлық-зомбылықты болдырмау туралы арнайы заң 2021 жылы қабылданған.

Елиф Суна, психолог:

Біздің ұлттық санамызда, дәстүрімізде әйел адамды құрметтеу бұрыннан бар. Алайда бір кездері Түркияда да әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көбейіп кетті. Бұл келеңсіздікті тек заңмен, қорқытумен шеше алмайсыз. Сондықтан бүгінде барлық мектептер мен балабақшаларда балалар мен ата аналарға арнап, писхолог мамандар әйелдерге құрмет, әлсіздерге қорған болу тақырыптарында жиі жиі семинарлар өткізіп тұрамыз. Қазір жемісін де бере бастады.

Мұндай тәрбие сағаттары Қазақстандағы білім ордаларында да болып тұрады. Алайда, қаншалық жиі ұйымдастырылады - беймәлім. Жауапты министрліктен тұщымды ақпарат ала алмадық.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу