Су тасқыны: Ұлттық Ұланның жасағы 6 өңірде жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Ұлттық Ұланның жасағы 6 өңірде жұмыс істеп жатыр

05.04.2024

Су басқан өңірлерде Ұлттық Ұланның әскери қызметшілері де, күн-түн демей жұмыс істеуде. Арнайы жасақ өкілдері Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына жөнелтілген. Сондай-ақ 65 бірлік авиа және басқа да техника жұмылдырылған. Ұландықтардың көмегімен 1000-ға жуық адам эвакуацияланды. 70 мыңнан аса топырақ, құм сынды инертті материал төселді. 7 мың келіге гуманитарлық көмек жеткізілді.

Нұрасыл Жүсіпов, ҚР Ұлттық Ұлан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшісі:

Қостанай облысына төтенше жағдай енгізілгеннен бері Ұлттық Ұланның 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы төтенше жағдай тапсырмаларын Жангелді ауданының Тәуіш елдімекенінде атқарып жатыр. Біз Ұлттық Ұлан сарбаздары әрқашан халыққа қызмет етуге дайынбыз.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу