Тасқын болған аймақтарда 9 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқын болған аймақтарда 9 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр

05.04.2024

Тасқыннан зардап шеккен аймақтарда 9 мыңнан астам төтенше жағдай маманы жұмыс істеп жатыр. Олар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының елдімекендерінде төтеден келген апат салдарын жоюға атсалысуда. Еріген қар суын бұру, инертті материал төсеу, арық жүйелерінің жағасын нығайту жұмыстарына жұмылған. Сонымен қатар 2200 техника мен 613 су айдау және 96 жүзу құралы, сондай-ақ 11 әуе кемесі тартылған.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу