Құлсарыға су кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсарыға су кірді

05.04.2024

Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласына су кірді. 500 тұрғын-үй тасқын суда қалып, 2400-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ол үшін арнайы 10 құтқару пункті белгіленді. Құлсары қаласының станциясынан Атырау қаласына жолаушылар пойызы халықты тегін тасымалдап жатыр. Сондай-ақ, тұрғындардың кейбірі көршілес Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына барып жатыр. Құлсарылықтарды орналастыруға Теңіз кен орнындағы жатақханалар да дайын тұр. Суды арнасымен өткізіп жіберу үшін «Достық» шағын ауданы мен 5-ауылды жалғап тұрған көпір бұзылды. Құтқарушылар тәулік бойы жағалауды нығайтып жатыр. 300-ден астам құтқарушы мен 142 техника және 4500 адам тасқынды тежеуге жұмылдырылды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу