Астанадағы ЖОО-ларда С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған дәріс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы ЖОО-ларда С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған дәріс өтті

05.04.2024

«Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы. Ерлік дәстүрлері сабақтастығының тарихы». Осындай атаумен бүгін Астанадағы 12 бірдей жоғары оқу орнында Халық қаһарманы, еліміздің алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай дәріс оқылды. Ұлттық Қорғаныс университетінің оқытушылары ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерінің өлшеусіз ерлігі туралы баяндады. 2,5 мың студент қатысқан іс-шара жастардың Отанға, ел тарихына, ержүрек батырларына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Қайнар Жақымбай, ЕҰУ 3-курс студенті:

Мен осы лекциядан өте үлкен әсер алдым, шыны керек. Үш жылдық әскери білімін үш айда алғаны мені өте қатты таңғалдырды. Осындай лекциялар көбірек орындалып тұрса, жастарға ол өте пайдалы деп ойлаймын.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу