Батыс Қазақстан облысында Елек өзені арнасынан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында Елек өзені арнасынан асты

05.04.2024

Батыс Қазақстан облысында Елек өзені арнасынан асып, Бөрлі ауданындағы бірнеше ауылды су басу қаупі төнді. Түнде Дмитрово және Қарашығанақ ауылдарынан 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Елек өзенінің жағасында орналасқан екі ауылда 140 үй, 300-ге жуық тұрғын бар.

Жалпы ауданда бұған дейін Ақсу, Кеңтүбек, Аралтал, Бақтыарал, Пугачев ауылдарына су жайылып, адамдар эвакуацияланды. Қауіп әлі сейілмеді. Тасқын судың салдарын жойып, апаттан құтқару жұмыстарына қажетті күш-құрылымдар жұмылдырылған.

Нұржан Төлеуіш, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Ақпараттық-сараптамалық тобының аға инженері:

Бөрлі ауданы Елек өзенінің көтерілуіне байланысты 703 см-ге дейін, алдын ала эвакуациялау жұмыстары Дмитрово және Қарашығанақ ауылдарында жүргізілді. Жалпы саны 25 адам эвпкуацияланды. Олардың біреуі бала. Қазір олар Жарсуат ауылындағы эвакуациялық пунктте орналасқан. Көп тұрғындар туысқандарының үйіне кеткен.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу