АҚШ-та алапат тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, Батыс Вирджиния штатының Вилинг аралын топан су басқан. Сонымен қатар, Орталық және Оңтүстік Вилинг елдімекендері де су апатынан зардап шегіп отыр.
Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бірақ Огайо өзені арнасынан асуға жақын. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарға сақ болу туралы ескерту таратты.
Арыстан Рысбек