Бүгін – Бекзат Саттархановтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Бекзат Саттархановтың туған күні

04.04.2024

Бүгін Сидней олимпиадасының чемпионы, даңқты боксшы Бекзат Саттархановтың туған күні. Қазақ боксының тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы тірі болғанда 44 жасқа толар еді. Шарша алаңның саңлағы жайлы бейнематериал көріңіз.

Қазақ бокс мектебінің дара шәкірті, жасындай жарқылдаған Бекзат олимпиада шыңын бағындырғанда қуанбаған қазақ жоқ шығар, сірә. Шаршы алаңда шаршауды білмейтін ол - шымшықтың тұмсығындай қысқа ғұмырында 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-де жеңіске жеткен. Ішіндегі ең биігі – олимп шыңы еді.

Бекзат Саттарханов, Сидней олимпиадасының чемпионы (1980-2000):

Әшейіннен әшейін баруға болмайды. Барғаннан кейін алтын медаль алу керек. Халқымызды қуанту керек. Халқымыз үміт күтіп отыр.

Ата-анасы күреске бергенмен, Бекзаттың былғары қолғапқа аңсары ауды. Болмысы бөлек, бітімі басқа ұлдың бокс өнеріне келгендегі арманы асқақ еді:

Сырлыгүл Саттарханова, Бекзаттың анасы:

Өзіне-өзі мақсат қойды алдына. Небәрі 15 жасында. Мен боксшы боламын, қоймаймын деп. Ата-ананың қой дегенін де тыңдамады. Ол алдына мақсат қойды – қайтсем де халқымды қуантамын, жалауын көтеремін деді. Қазіргі жастарда сондай мақсат болса екен деп ойлаймын.

Бекзат Саттарханов бар-жоғы 20 жасында олимпиада чемпионы болып, 20 жасында құйрықты жұлдыздай жарқ еткен еді. Бүгінде біртуар боксшыны еске алуға арналған турнир еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Жастар Бекзатты біліп, бой түзеп, бокс әлемінің биігін бағындырып, жолын жалғаса деген ниет

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу