Солтүстік Қазақстандағы Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстандағы Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

04.04.2024

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бүгін Красная поляна және Черниговка ауылдарынан 8 адам мен қырық шақты мал қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдай қызметі мамандарының айтуынша, тұрғындардың дені үйлерін тастап кетуден бас тартып жатыр. Қарғын су 4 баспанаға кірген. Облыс бойынша 30 жол учаскесін су басып, он жолда көлік қозғалысы шектелді.

Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Суды өткізу үшін облыстық маңызы бар «Келлеровка-Тайынша» бағытындағы жолдың жабынын алып тастауға тура келді. Тұрғындар Алексеевка ауылы арқылы қатынай алады. Барлық деңгейде жедел штабтар жұмыс істеп тұр.


Хабарламаларға жазылу