Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық қауіпсіздігінде ақау жоқ. Цифрлық даму министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы бірігіп кезектен тыс тексеріс жүргізген, қорытындысы осындай болды. Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында хакерлер қазақстандықтардың жеке басы туралы ақпаратты ғаламторға жүктеген. Бұл мәліметтер жинақтаушы қордың базасынан ұрлануы мүмкін екені де айтылған. Дегенмен, тексеру бұл базаның бұзылмағанын анықтады.