Шығыс Қазақстанда 170 гектар орман алқабы мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 170 гектар орман алқабы мемлекетке қайтарылды

04.04.2024

Шығыс Қазқастан облысында табиғат қорғау прокуратурасы «Қазақстан Бипэк Авто» акцонерлік қоғамынан 170 гектарға жуық орман қорындағы жерді мемлекетке қайтарды. Тексеру барысында компания орманды пайдалану шарттарын жүйелі түрде бұзғаны анықталды.

Сондай-ақ, уәкілетті органның келісімінсіз 19 гектар жерге құрылыс жүргізген. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің шаруашылық қызметтерін де арнайы орман билетінсіз жүргізген. Табиғат қорғау прокуратурасы істі сотқа жеткізді. Сот 170 гектар орман алқабын мемлекет қарамағына өткізу туралы шешім шығарды.


Хабарламаларға жазылу