Елде қоғамдық резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Осы күнге дейін марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді, БАУ мейрамханасының қызметкерлері мен басты айыпталушы Қуандық Бишімбаевтан жауап алынды. Кеше алқабилерге, сот қатысушыларына қылмыс болған күнгі бейне жазбалар көрсетілді. Ал бүгін марқұмның телефоны қаралып жатыр. Тыңдалым кешке дейін жалғасады.
Еске салайық, бұл іс бойынша Соңғы сот отырысы 8 сәуірде өтеді.