Астанада аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын: «күзетпен ұстау» түріндегі 2 ай мерзімге санкциялады.