Су тасқыны кезінде Ақтөбе облысына көмекке барған алматылық құтқарушылар 120-дан астам адамды су ортасынан алып шыққан. Олар су басқан Қаратал ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Сайдың тасындай іріктелген 20 маман өңірде төрт тәулік бойы тынымсыз еңбек етті. Ақтөбе облысындағы миссиясы аяқталған құтқарушыларға аймақ басшысы алғыс айтты. Енді олар Батыс Қазақстан облысына барып, сол жақта тасқынға қарсы іс-шараларға қатысады.