Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр

03.04.2024

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Сотталушыдан 2 күн бойы жауап алынды. Ол қайғылы жағдай болған күні жанжалдың қалай басталғанын баяндап, не болғанын айтып берді. Бір жарым сағаттық үзілістен соң, айыптаушылар 9-шы қараша күні мейрамханадағы бейнебақылау камерасына түсірген видеоларды көрсетті. Онда мән-жайдың қалай болғаны анық бейнеленген. Алайда, марқұмның жақындары Салтанаттың көз жұмған сәтіндегі фото, видео материалдарды еш жерде жарияламауды сұрады.

Судья жәбірленушілердің өтінішін қанағаттандырды. Ертең таңнан кешке дейін тыңдалым болады. Жалпы сот отырысы 8-ші сәуірге дейін жалғасады. Айта кетейік, сотталушы Қуандық Бишімбаев “қасақана, аса қатыгездікпен өлтірді” деген айыппен келіспей отыр.

Динара Жақыпбек

Хабарламаларға жазылу