Су тасқыны: 6 сәуірден бастап оқушылар сауықтыру орталығына барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 6 сәуірден бастап оқушылар сауықтыру орталығына барады

03.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен оқушылар сауықтыру орталығына барады. Алғашқы легі 6 сәуірден бастап жіберіледі. Ол жерде балаларды оқыту процесі де ұйымдастырылады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мамандарға тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі оқушыларды ең үздік жазғы сауықтыру лагеріне жіберуді де тапсырды. Қызыл судан зардап шеккен халыққа медициналық көмек те көрсетіліп жатыр. Мамандар қауіпсіз жерге орналасқандарға барып, қан қысымын, жалпы жағдайын тексеруде. «Апаттар медицинасы орталығы» мекемесінің филиалдардағы өкілдері мыңға жуық адамға медицианалық қызмет көрсеткен.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу