Қостанай облысындағы Сарысу ауылының тұрғындары ұйымшылдық пен табандылықтының арқасында өз үйлерін тасқыннан сақтап қалды. Қырық қаралы түтіні бар шағын елдімекен тұрғындары тәулік бойы іргедегі Торғай өзенінің жағалауын бекітті. Құм толтырған қапшықтарды текшелеп қалап, қолда бар техникамен құм үйді. Тұрғындарға көмекке Жангелдин ауданының орталығынан қырық ерікті көмекке барған. Қазір су деңгейінің көтерілуі тоқтаған, қауіп сейілді.
Жалпы ауданда бүгін жағдай тұрақталды. Үйлерді су басу қаупі жоқ. Дегенмен тасқын әлі жүріп жатыр. Көпшілік суға жақын жолдар мен көпірлерді бұзылудан сақтап қалуға күш салып жатыр.