Еліміздегі 441 ауылда медициналық пункт жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 441 ауылда медициналық пункт жоқ

03.04.2024

Еліміздегі 400-ден астам ауылда медициналық пункт жоқ. Оның 130-ы Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Биыл "Ауылда денсаулық сақтауды жақсарту" республикалық жобасы аясында 144 медициналық нысан салу жоспарланған. Мәселені шешуге кәсіпкерлер де атсалысып жатыр. Мәселен, Шал ақын ауданындағы Жаңаталап ауылына жергілікті шаруашылық медициналық пункт салып берді.

Мәжит Тоқтамысов, Жаңаталап ауылының тұрғыны:

Мен өз басым, таңертең келіп, давлениемді өлшетемін.Одан кейін кеп тұрып ауданнан врачтан системалар болып тұратын болса, система алып тұрамын. Түсінбеген сұрақтарымызды осында келіп, сұраймыз.

Шал ақын ауданында биыл тағы да 4 нысан бой көтермек. 3-і мемлекет, 1-і кәсіпкерлер есебінен салынады. Былтыр ел бойынша 85 медициналық пункт ашылған еді.

Арман Дүйсенбинов, Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары:

Жаңаталап және Жаңажол деген ауылда жергілікті шаруа қожалықтары өз есебінен. Ұлттық жоба аясында Мерген, Семиполка жәнге Ақанбарақ ауылында жаңадан медициналық пункттар салынатын болды. 


Хабарламаларға жазылу