Тайваньдағы 7,4 балдық зілзаладан 9 адам қаза тауып, 700-ден астамы жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньдағы 7,4 балдық зілзаладан 9 адам қаза тауып, 700-ден астамы жараланды

03.04.2024

Тайваньда 7,4 баллдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 9-ға жетіп, 736 тұрғын жараланып, ондаған адам үйінді астында қалды. Соңғы мәліметке қарағанда, алапат дүмпуден ғимараттар қирап, 24 рет лай көшіп, жолдар мен көпірлер бұзылған. Бұл - Тайваньда соңғы 25 жылда болған ең қуатты зілзала. Оның салдарынан арал астанасы Тайпэйдің бірнеше ауданында жарық өшіп, Жапония мен Филиппиннің оңтүстігінде цунами қаупі жарияланды. Алайда, көп кешікпей бұл ескерту доғарылған. Жер сілкінісінің эпицентрі Тайванның шығыс жағалауындағы Хуалиен қаласы маңында 35 шақырым тереңдікте анықталған.

Хабарламаларға жазылу