Шығыс Қазақстан мен Абай облысы аумағындағы халықаралық жолдың бір бөлігін су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан мен Абай облысы аумағындағы халықаралық жолдың бір бөлігін су шайып кетті

03.04.2024

Шығыс Қазақстан мен Абай облысы аумағындағы Омбы-Майқапшағай автожылының бір бөлігін су шайып кетті. Құрылысы бітпей жатқан халықаралық бұл бағыт арқылы Зайсан мен Тарбағатай қатынайды. Өскемен-Семей жаққа сапарлаған бірнеше жолаушы осы жерге жеткенімен, кері қайтуға мәжбүр болды. Енді Зайсан, Тарбағатайдан шыққан жолаушылар Өскеменге айналма жол арқылы 3 мың шақырым жүріп жетеді. Қазір су шайған жолдың бөлігін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, жалпы Омбы-Майқапшағай бағытандағы бұл алтыншы учаскеде жол құрылысы әлі аяқталған жоқ. Сондықтан көпір мен суағар да салынбаған.

Нұрбек Темірханов, «Қазавтожол» ҰК ШҚО филиалының директоры:

Қалбатау-Майқапшағай жолында осындай су тасқыны қайталанбас үшін жобамен 13 көпір салу қарастырылған. Жылдың аяғына дейін осы 13 көпірді бітіру жоспарланып отыр.


Хабарламаларға жазылу