Республикалық маңызы бар 5 автожолда қозғалыс шектеліп, тағы біреуі жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық маңызы бар 5 автожолда қозғалыс шектеліп, тағы біреуі жабылды

02.04.2024

Су тасқынына байланысты жабылған республикалық маңызы бар автожолдардың бірінде қозғалыс қайта жанданды. Батыс Қазақстан облысындағы «Подстепное-Фёдоровка-Ресей шекарасы» тасжолындағы шектеу алынып тасталды. Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай-Рахманов кілті» автожолы жабылды Берел ауылы маңындағы Көлік министрлігінің мәліметіне сай, Үкімет отырысында мәлім етті. Ведомство басшысының хабарлауынша, тасқын басталғалы бері республикалық трассаларда 66 су басу жағдайы тіркелген.

Яғни Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарындағы автожолдарды су шайған. Сондықтан қауіпті учаскелер мен көпірлерде қозғалыс жылдамдығын сағатына 25 шақырымнан асырмай жүру туралы шектеу енгізілді. Қазір аталған аймақтардағы тасжолдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді көлік министрі.

Марат Қарабаев, ҚР көлік министрі:

Қосымша жасанды құрылыстар салынады. Құбырлардың өткізу қабілеті ұлғайтылады. Жер төсемелерінің биіктігі арттырылады және апатты жағдайдағы көпірлер бірінші кезекте жөнделетін болады.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу