Жапонияда сакура гүлдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда сакура гүлдеді

02.04.2024

Жапонияда сакура гүлдеді. Дегенмен бұл маусым биыл әдеттегіден кешігіп басталды. Ұлттық метеорологиялық агенттік сакураның гүлдегенін өткен жылғыдан 15 күн кешіктіріп жариялады. Шие ағашының гүлдеу маусымы ағаштарда кем дегенде бес бүршік ашылғанда басталады. Әдемі көріністі тамашалау үшін Токиоға жергілікті тұрғындармен бірге шетелдік туристер көптеп барған.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу