Атырау облысының Қызылқоға ауданында су тасқыны бөгеттерді жарып өтіп, бірнеше үй суға кетті. Ахуалды тікелей байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіттен білейік.
– Нұрсейіт, адамдар аман ба, қауіпсіз жерге көшірілді ме?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Тасқын су бөгеттерді бұзып кетіп, ырық бермей жатыр. Көздіғара ауылдық округінің орталығы Қоныстану ауылына қауіп төніп тұр. Сол аумақтағы сайда орналасқан 4 тұрғын-үй суға кетіп, 8 адам эвакуацияланды. Қазір 6 техника бөгеттерді нығайтып жатыр, көмекке тағы 2 техника жіберілді. Ойыл округіне қарасты Балабейіт қыстағындағы 3 үй де тасқын астында қалып, 11 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Бұдан бөлек Жангелдин, Тасшағыл, Қаракөл, Тайсойған ауылдық округтері де су астында қалуы мүмкін. Қазір бірнеше елді-мекендерге қатынас үзілгендіктен құтқарушылар ауданға келген гуманитарлық көмекті моторлы қайықтармен жеткізіп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт