Еуропадан 83 жүк көлігі заңсыз әкелінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропадан 83 жүк көлігі заңсыз әкелінген

02.04.2024

Қостанай облысына Еуропадан заңсыз әкелінген 83 жүк көлігі анықталды. Қазір оларды бастапқы тіркеу үшін алым төлемей заңсыз тіркеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі - 591 миллион теңгеге жеткен. Қаржы мониторинг агеннтігінің ақпаратынша, күдіктілер шетелдерден әкелінген көліктердің шығарылған жылы туралы жалған ақпаратты көрсететiн тіркеу куәліктерін пайдаланып, жүк көлік тіркемелерін әкелген. Бұл бастапқы тіркеу төлемін 7 миллион теңгеден 700 мыңға дейін төмендетуге мүмкіндік берген. Күдіктілердің тұрғылықты жері мен қызметтік үйлеріне тінту кезінде халықаралық жүкқұжаттар, шот-фактуралар мен кедендік төлемдерді төлеу түбіртектері, көлік құралдарын сатып алу келісімшарттары, декларациялар анықталып, тәркіленді. Сот санкциясымен көліктерге, сондай-ақ күдіктілердің 1 млрд теңгеге жуық мүлкіне тыйым салынды.

Асылбек Данияр




Хабарламаларға жазылу