Визасыз режим: 173 мың қазақстандық Қытайға барған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Визасыз режим: 173 мың қазақстандық Қытайға барған

02.04.2024

Қытаймен визасыз режим енгізілгелі 173 мың отандасымыз Қытайға барған. Ал керісінше бізге 126 мың қытайлық келген. Яғни визасыз режимнің игілігін көрген азаматтардың арасында қазақстандықтардың үлесі басым. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандық азаматтардың дені көршілес елге туристік мақсатта барады. «Бұл – екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың нығайып келе жатқанының көрінісі», - дейді. Еске салайық, Қазақстан мен Қытай арасында 30 күнге дейін визасыз режимі, былтыр қарашаның 10-да енгізілген болатын.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Өзім осы жақында Қытайдан қайтып келдім. Ұшақтың бәрі толған біздің Қазақстанның азматтары. Енді былай сұрастырып біліп жатсаң, көбісі туризм, медициналық туризм, 1-2 ата-ананы көрдім ұл-қыздарымызға университет қарап жүрміз деп.


Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу