Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде тасқынның екінші кезеңі басталуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары мәлімдеді. Қазгидрометтің де болжамы көңіл көншітпейді. Сондықтан қызыл суға төтеп беру үшін премьер-министр бірқатар тапсырма берді. Үкіметтен тікелей байланысқа шыққан әріптесіміз толығырақ айтсын. Қайырлы күн Досжан, тасқын бойынша еліміздегі ахуал қандай?
Досжан Маратұлы, тілші:
Төтенше жағдайлар министрі орынбасарының айтуынша елдегі ахуал әлі де күрделі. Әсіресе Ақтөбе, Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында жағдай қиын.
Қызыл су бой берер емес. Десе де жағдай бақылауда дейді министр. Қазір құтқарушылар күштік құрылымдармен бірлесе, тасқынмен күресіп жатыр. Осы уақытқа дейін 15 мыңнан аса адам қауіпсіз жерлерге эвакуацияланған. Десе қауіп сейілді деп айтуға әлі ерте. Енді еліміздің солтүстігі, орталығы мен шығысында тасқын болуы мүмкін. Батыс Қазақстанда да жайық тасыса қиын болғалы тұр.
Серік Сайыров, Қазгидромет РМҚ бас директорының орынбасары:
Жайыққа қатысты айтады. Ресейден көп су келіп жатыр. Тасиды деп.
Досжан Маратұлы, тілші:
Сондықтан премьер-министр тасқынның екінші кезеңіне жан-жақты дайын болуды тапсырды. Қателіктен сабақ алып, әлі тасқын болмаған өңірлерге ерекше мән беру керек деді. Бұлан бөлек залал көлемін анықтап, шығынды өтеуді бастау қажеттігін айтты. Ал жолдары шайылып, байланыссыз қалған елдімекендерге қажеттінің бәрі дер кезінде жеткізілуі керек деді Үкімет басшысы.
Досжан Маратұлы