Су тасқыны кезінде әуе күштерінің көмегімен 1660 адам эвакуацияланды. Оның 400-ден астамы бала. Бұл жұмысқа Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылған. «Қазавиақұтқару» баспасөз қызметінің ақпаратынша, құтқару жұмыстары еліміздің 8 облысында әлі жалғасып жатыр. Қауіпті аймақтарды бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшырған. Сондай-ақ, эвакуацияланған адамдарға 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалдаған.