Қ.Бишімбаевтың соты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Бишімбаевтың соты өтіп жатыр

01.04.2024

Экс-министр Қуандық Бишімбаев, өзіне тағылған айыптардың ішінде, «қасақана, аса қатігездікпен өлтірді» деген айыппен келіспейді. Астанада аты шулы іс бойынша сот бүгін жалғасып жатыр. Өткен аптада жәбірленуші тарап пен бірқатар куәгерлер тындалған болатын.

Динара Жарқынбек, тілші:

Сот таңертең басталып, түсті үзілістен соң қайта жалғасып жатыр. Тыңдалым басталмас бұрын прокурор тараптарға соттан кейін әлеуметтік желіде ешқандай пікір жазбауды сұрады. Өйткені бұл сот барысына кері ықпал етеді дейді. Ал судья тараптардың ешқайсысына жақтаспайтынын айтты. Бүгінгі отырыста айыпталушы Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасынан кешірім сұрап, қылмысқа қатысы барын мойындады.
Бірақ, «қасақана, аса қатыгездікпен өлтірді» деген айыппен келіспейтінін жеткізді. Оның бұл сөзіне марқұмның анасы қарсы шықты. Сот отырысы кешке дейін жалғасады.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу