Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

01.04.2024

Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер бүгін-ертең термометр бағаны +15, +20 градусқа дейін көтеріліп, өзендер еріген қар суымен толып, деңгейі көтеріледі деп болжап отыр. Мұз еріп, су жайылып, тасқын болуы да мүмкін. Сондықтан жергілікті билік пен төтенше жағдайға жауапты мамандар тұрғындарға эвакуацияға дайын болуды, қажетті құжаттар мен заттарды жинап, бірнеше күндік азық-түлік қорын әзірлеп қоюды ескертті. Қалада 8 эвакуациялық орталық дайын. Қазір өңірдегі Деркөл және Елек өзендері ернеуінен асты. Шаған өзенінің арнасы қауіпті деңгейге 70 сантиметр жақындады. 

Хабарламаларға жазылу