Атырау облысы Қызылқоға ауданында тасқын судан қауіп сейілді. Ойыл өзенінің деңгейі төмендеген. «Ауылды басу қаупі жоқ» дейді мамандар. Алайда апаттың алдын-алу үшін жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары бөгеттерді нығайтып, құм толтырылған қапшықтарды әлі де төсеп жатыр. Кеше су деңгейі 1 метр 40-смге дейін көтерілген еді. Соңғы ақпаратқа сәйкес Миялы ауылынан эвакуацияланған тұрғындар саны 700-ге жеткен.
Асыланбек Хафизұлы, облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын-алу бөлімінің бастығы:
Қызылқоға ауданында су тасқыны қаупі сейілді. Судың деңгейі Ойыл өзенінде 98 см-ге түсті. Еріктілермен қоса күштік құралдар жұмылдырылып 45 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар қазіргі уақытта жалғасып жатыр.