Болат Өтемұратов қоры тасқыннан зардап шеккендерге 680 млн теңге бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болат Өтемұратов қоры тасқыннан зардап шеккендерге 680 млн теңге бөлді

01.04.2024

Болат Өтемұратов қоры тасқын судан зардап шеккендерге 680 млн теңге бөлді. Бұл қаражат қызыл судан зиян шеккен қазақстандықтардың керек-жарағына арнап арнайы бөлініп отыр. Бұл сома апат кесірінен баспанасынан, бар жиған-тергенінен айырылған отбасыларға қайта аяққа тұруына сеп болады деп үміттенеміз, - дейді қор директоры Марат Айтмағамбетов.

Болат Өтемұратов қоры 2018 жылдан бері еліміздегі табиғи немесе техногендік апаттан зардап шеккен тұрғындарды ұдайы қаржылай қолдайды. Алты жылда 16 мыңнан астам қазақстандыққа материалдық көмек көрсетілгенін айта кетейік.

Хабарламаларға жазылу