Солтүстік Қазақстан облысында 12 жол учаскесін су басып қалды. Қазір төртеуінде көлік қозғалысы шектелген. Олардың біреуі облыстық, қалғаны аудандық деңгейдегі жолдар.
Мамандар болжамынша, сәуірдің 4-5-і күндері күн күрт жылынып, тасқын қаупі күшейеді. Осыған орай түстіктен теріскейге 54 құтқарушы мен 12 арнайы техника жәрдемге келеді. Теріскейде су тасқыны болуы мүмкін 87 елдімекен бақылауға алынған. Әсіресе Тайынша, Уәлиханов және Ақжар аудандарына судан қауіп күшейген.
Мұрат Қанғожинов, облыстық ТДЖ бастығының орынбасары:
Төтенше жағдай департаменті және басқа да жауапты органдар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 5 ауданға қосымша күш қажет. Түркістандық әріптестерімізді Тайынша, Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Темирязев аудандарына жібереміз.
Эльмира Кәленова