0:00:00
0:00:00
Батыс Қазақстан облысында «Аmanat» партиясының облыстық филиалы табиғи апаттан зардап шеккен Сырым ауданына гуманитарлық көмек жеткізді. Партиялықтар қорға бір күндік жалақысын аударып, 6 млн теңге қаражат жинады. Оған азық-түлік, жылы киім, гигиеналық, шаруашылық тауарлары сатып алынды. Көмектің бірінші легі бірнеше ауылын су басқан Қаратөбе ауданына жөнелтілген еді. Енді міне, екінші көлік Жымпиты ауылына жетіп, қиналған жұртқа демеу болды.
Нұргүл Ашықова, кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты:
Гуманитарлық көмекпен Қаратөбе ауданына бардық. Бүгін міне, Сырым ауданына келіп отырмыз. Басқа аудандар да назардан тыс қалмайды. Теректі ауданы бар, қаламыз бар, бәрін қамтуға «Amanat» партиясы дайын.
Ардақ Мұратқызы