Қазақстан халқына қоры су басқан ауылдарға баспана салуға 5 млрд теңге бөлетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқына қоры су басқан ауылдарға баспана салуға 5 млрд теңге бөлетін болды

01.04.2024
0:00:00
0:00:00

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлерге баспана салуға, Қазақстан халқына қоры 5 млрд теңге бөлетін болды. Мұны қоғамдық қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев республикалық штаб отырысында айтты. Қор 2022 жылғы сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына қайырымдылық көмек көрсеткен еді. Ол кезде су тасқынынан зардап шеккен ауылдарда 200 үй салуға қаржы бөлген болатын. 

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу