Әскерилер су басқан елді мекендерде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер су басқан елді мекендерде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

31.03.2024

Қарулы күштердің әскери қызметкерлері су басқан елді мекендерде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Әскерилер тұрғындарды апатты аймақтардан көшіру мен қоса, эвакуациялық пункттерге гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр. Сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп, суды бұру және каналдарды тазартуға атсалысып жатыр.

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай және Ұлытауда облыстарындағы апаттан құтқару жұмыстарын қарулы күштер қызметкерлері наурыздың 27-нен бері атқарып келеді. Оған 500-ден астам әскери қызметші, 47 техника, оның ішінде 8 тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды. Алматыдан Орал және Ақтөбе қалаларына Төтенше жағдай министрлігінің 70 құтқарушысы мен 3000 келі құтқару құралдарын жеткізіп берді.

Армия авиациясының экипаждары мыңнан астам адамды эвакуациялады, оның 374-і – балалар. Жалпы, 150 рейс жасалып, 11 мың бес жүз келі гуманитарлық көмек жеткізілді.


Хабарламаларға жазылу