Батыс Қазақстан облысында 3800 адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында 3800 адам қауіпсіз жерге көшірілді

31.03.2024

Батыс Қазақстан облысында 3800-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың 1500-ге жуығы бала. Тасқыннан зардап шеккен адамдар эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр. Сондай орталықтардың бірі Қаратөбе ауданында ашылды. Өңірдегі әріптесім Ардақ Мұратқызы қазір сол ауданнан бізбен байланысқа шығады. 

Ардақ Мұратқызы, тілші:

Қазір біз облыс орталығы Оралдан 300 шақырым қашықтағы Қаратөбе ауданындамыз. Су деңгейі түсіп, қауіп сейілгенімен, жағдай әлі күрделі. Өйткені мына Қалдығайты өзені тасып, көпір бұзылып, арнаның ар жағында 8 ауыл мүлдем қатынассыз қалды. Әсіресе, Аққозы ауылдық округіне қарасты Қоржын ауылы тұтас су ортасында тұр. Ауылдағы 105 үй суға кетіп, бастапқыда 400-дей адам мектеп ғимаратына көшірілген. Екінші күні тұрғындар екі тікұшақпен мына Қаратөбе ауданы орталығына эвакуацияланды. Қазір ауылдағы мектеп-гимназияда нақты 174 адам тұрып жатыр. Олар ыстық тамақ, жатар орынмен қамтылған. Аймақта Шаған, Деркөл өзендерінде су деңгейі көтеріліп, елді мекендер мен қаладағы саяжайларға қауіп төндіріп тұр. Облыс орталығында 150-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ тасжолдардың 33 бөлігін су шайды. Тасқынға тосқауыл қоюға мыңға жуық адам мен 200-ден астам техника жұмылдырылған. 

Хабарламаларға жазылу