Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Тұрақты даму, табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы ашылды. Онда экологиялық қауіпсіздікті зерттейтін 10 инновациялық зертхана бар. Негізгі қызметі - қоршаған ортаның жаһандық өзгеруін зерттеп, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша жасыл технологияларды әзірлеп, өндіріске енгізу. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы 5 жылда 15 өңірдің университеттерін зерттеуші форматқа ауыстырамыз дейді. Қазір 5 жоғары оқу орны осындай зерттеуші модельге көшкен.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Қолданбалы ғылымның қаржыландыруы үш жарым есе ұлғайтылды. Сондықтан былтырдан бастап, 643 млрд теңге бөлінді. Ол мінекей бірінші нәтижелері осы бүгінгі ашылған зертханалар. Былтырдан бастап мегагрант деген жаңа гранттардың түрін енгіздік. Яғни 4-5 млрд көлемінде қомақты зертханаларды дамыту түрлі-түрлі жабдықтарды алуға зерттеуші әлеуемтті көтеруге мықты профессор зерттеушілерді тартуға осындай мүмкіндік беріп жатыр.
Әйгерім Ердәулет