Лудоманиямен күрес бойынша заң жобасы талқыланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лудоманиямен күрес бойынша заң жобасы талқыланып жатыр

30.03.2024

Парламент мәжілісінде ойын бизнесін реттеу, яғни лудоманиямен күрес бойынша заң жобасы талқыланып жатыр. Онда құмар ойындарға қатысты 50-ден аса шектеу түрі ұсынылған. Алдағы уақытта букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасы шектеліп, ойында бәс тігу 21 жастан 25 жасқа дейін көтерілуі мүмкін. Депутаттардың айтуынша, құмар ойынға қатысты әлі де тыйым тетіктерін толықтырып, ұтымды ұсыныстар енгізілуі керек.

Руслан Берденов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Дамыған мемлекеттердегі тәжірибе- лудомандарға байланысты бөлек иин ашылу. Ол неге керек? Себебі, лудомандарды жұмысқа алғанда сіз білу керексіз ол лудаман ба, жоқ па? Әр лудоманның өзінің иині болса ол өзі ойланады, оны жұмысқа ала ма алмай ма.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу