Теміртауда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

30.03.2024

Теміртау қаласының жартысына жуығы ауыз сусыз қалды. Қаланың оң жағалауындағы су құбыры учаскесінде пайда болған техникалық ақауға байланысты, осы аумақта ауыз су беру тоқтатылды. Қазір билік өкілдері мен еріктілер арнайы көліктермен ауыз су жеткізіп жатыр. Қалада табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Ораз Тәуірбеков, Теміртау қаласының әкімі:

Қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, мен төтенше жағдай режимін жарияладым. Оның аясында біз ауыз сумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, жағдайды тұрақтандыратын боламыз .

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу