Елордалықтар Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жіберді

30.03.2024

Елордалықтар Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер мен құтқарушыларға көмек жіберді. Бірнеше жүк көлігіне жылы киім, резеңке етік, рация, құтқару жұмыстарына қажетті заттар тиелді. Қаражатты қарапайым тұрғындар бірлесіп жинаған. Құтқару жұмыстарына қолғабыс ету үшін Астанадан арнайы барып жатқан азаматтар да бар.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу