Шығыс Қазақстан облысындағы гидротехникалық құрылғылардың 80 пайызы ескі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысындағы гидротехникалық құрылғылардың 80 пайызы ескі

29.03.2024

Шығыс Қазақстан облысындағы гидротехникалық құрылғылардың 80 пайызы ескі. Тіпті өңірдегі ең үлкен «Қанды су» және «Үйдене» су қоймалары 2018 жылдан бері апатты деп танылса да, әлі жөнделмей келеді. Ал аймақта соңғы 10 тәулікте қар тоқтаусыз еріп, өзен-көлдерегі мұздың да көбесі сөгіле басатады. Сондықтан халық су бөгеттерінен қорқып отыр.

Шығыстағы қазір су тасып, кейбір бөгеттерде ернеуінен асып жатыр. Бірақ әрбір тоспа мен гидротехникалық нысандағы судың деңгейі туралы бақылаушы мамандар сағат сайын ақпарат беріп отырады. Түнде қанша, күндіз қанша текше метр су түскенін бақылайды. Өйткені өңірдегі кейбір су бөгеттерінің салынғанына 100 жылдан асқан.

Олжас Керейхан, тілші:

Бұл Абалакет өзенінің бойындағы су тоспасы. 1988 жылы пайдалануға берілген стратегиялық нысанның сйымдылығы 1 миллион 400 мың текше метр. Қыста бөгет қатып қалады. Ал күн жылығаннан бері мұз ери бастаған. Қазір бұл бөгеттен секундына 10-12 текше метр су түсіп жатыр.

Елдімекендердің іргесіндегі кейбір бөгеттерге суды мамандар қауіпсіздік үшін тек көктемде ғана жинайды. КЕСТЕ КЕТЕДІ: Жалпы өңірде 38 су қоймасы болса төртеуі республикалық «Қазсушар» мекемесінің қарамағында. Қазір оның екеуі апатты.Ал облыстық деңгейдегі 34 нысанның біреуі қирап тұр. Қалған 23 бөгет те ескі.

Медет Нұрғалеив, «Шығыс су қоймалары» мемлекеттік кәсіпорны директоры:

Сол 34 су қоймасының 11 қанағаттанарлық жұмыс істеуге жарамды. Қалғандарын жөнду керек.Кейбіреулеріне ағымдағы кейбіреуін толық жөндеу керек. Жергілікті бюджеттің шамасы шамалы ғой. Өзіңіз білесіз.

Республикалық бюджеттен қаржы алатын «Қанды су» мен «Үйдене» су қоймасы да үрей тудырып тұр. Сондықтан 76 мың, және 47 мың текше метр су сиятын қос бөгет былтырдан бері бос тұр.

Нұржан Әміржанов, «ҚАЗСУШАР» РМК облыстық филиалының директоры:

«Үйдене» мен «Қанды су» қоймасына біз биыл су жинамаймыз. Транзиттік режимде тұрады. Қанаша су келеді, сол судың бәрін тастаймыз.Жинамаймыз. Өйткені апатты жағдайдан кейін жинауға болмайды.

2018-жылдан бастап апатты деп танылған «Қанды су» мен «Үйдене» су қоймаларын жөндеу туралы жылда айтылғанымен, әлі шешімін таппай келеді. Ал алдағы жазда Зайсандағы шаруалар егін алқабаның тағы аңқасы кебеме деп, алаңдап отыр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу