Ақмола облысында жолды қарғын су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жолды қарғын су шайып кетті

28.03.2024

Ақмола облысының Зеренді ауданында екі ауылға баратын жолды қарғын су шайып кетті. Салдарынан қатынас тоқтап, тұрғындар жұмысқа бара алмай отыр. Осы өңірдегі тілшіміз Ұмсындық Наурызбаева баяндайды.

Ұмсындық Наурызбаева, тілші:

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен қарғын су жолдың бірнеше бөлігін шайып кетіп, сел жүрген. Міне, мына жерден көлікпен де, жаяу да өту мүмкін емес. Жалпы, Зеренді ауданына қарасты Ақадыр, Жаманшы ауылдарында жүздеген адам тұрады. Көбі облыс орталығында еңбек етеді. Алайда, олар бірнеше күннен бері жұмысқа бара алмай отыр. Қазіргі таңда қарғын су шайып кеткен екі жол учаскесіне 4 адам мен 2 техника жұмылдырылып, кезекшілік ұйымдастырылған.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу