Еуропа елдері қауіпсіздікті күшейтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа елдері қауіпсіздікті күшейтті

28.03.2024

Мәскеудегі терактіден кейін Еуропа елдері қырағылықты күшейтуде. Франция елде лаңкестік қаупін ең жоғарғы деңгейге көтерді. Адам көп шоғырланатын жерлерде тәртіп сақшылары тексерісті көбейтті. Парижде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 3 мың әскери қызметкер жұмылдырылған. Италия да қауіпсіздікті күшейтті. Пасха мерекесі қарсаңында шіркеулерге тұрғындарды тексеріспен кіргізбек. Австрия, Германия, Бельгияда лаңкестік болу қаупі 3-деңгейде тұр. Полиция қызметкерлері көшелерде рейд жүргізіп, «күдікті» деген азаматтардың құжаттарын жіті тексеріп жатыр.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу