«Қазмедиа» орталығында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік жиын өтуде. Салтанатты шарада алдымен Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаеваның журналистер қауымына арналған құттықтауы оқылды.
Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев сала мамандарын құттықтап, марапаттар табыстады.
Жиынға белгілі журналистер, Мәжіліс депутаттары және эстрада жұлдыздары қатысуда.