Мемлекет басшысы Азия форумына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Азия форумына қатысады

27.03.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қытай Халық Республикасына екі күндік жұмыс сапарымен барады. Президент Боао Азия форумының сессиясына қатыспақ. Сонымен қатар, шығыстағы көрші елдің басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Жиыннан ақпарат тарату үшін әріптесім Шерхан Жамбылұлы да, арнайы барды.

– Шерхан биылғы форумның ерекшелігі неде? Қандай тақырыптар талқыға түспек?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына екі күндік жұмыс сапарымен барады. Президент Боао Азия форумының сессиясына қатыспақ. Сонымен қатар шығыстағы көрші елдің басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Жиыннан ақпарат тарату үшін әріптесім Шерхан Жамбылұлы да арнайы барды. Шерхан Сіз эфирдесіз?
Шерхан биылғы форумның ерекшелігі неде? Қандай тақырыптар талқыға түспек?

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Қайырлы кеш Армангүл. Боао бұл Қытайдың ең оңтүстігіндегі Хайнань аралында орналасқан шағын елдімекен. Халық саны 10 мың ғана. Дегенмен, бұл күндері әлем осы курортты аймаққа назар тігіп отыр. Азия ақылдасатын ауқымды алаң. Форум жайлы осындай пікір қалыптасқан. Оған 30-ға жуық мемлекет мүше. Сары құрлықтағы саясат қана емес, әлемдегі сан-алуан мәселе талқыға түседі. Сарапшылар бұл алаңды шығыстың Давосы деп те айтады. Осыдан-ақ оның салмағы мен маңызын аңғаруға болады. Биылғы форумның ең мәртебелі қонағының бірі - Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент ашылу сессиясында сөз сөйлеп және бірқатар кездесу өткізеді деген ақпар бар.

– Шерхан биылғы форумның ерекшелігі неде? қандай тақырыптар талқыға түспек?

Шерхан Жамбылұлы тілші:

Иә, Армангүл биылғы басқосудың ұраны “Азия және әлем: ортақ сын қатерлер, ортақ жауапкершілік. Ұйымдастырушылардың сөзінше форумға 5 мыңдай адам қатысады. Олардың қатарында саясаткерлер, ірі бизнесмендер мен сарапшылар бар. Олар жер-жиһандағы сауда-саттық, қауіпсіздік пен экология және сандық технология сынды 30-ға жуық сессияда ойларын ортаға салады. Пікір алмасып қана қоймай, нақты құжаттарға қол қойылып, іскерлік келісімдер де орнайды деген жоспар бар. Армангүл ертең маңызды мәлімдемелер жасалады деген ойдамыз. Бұл туралы ақпаратта тарқатып айтамыз.

Хабарламаларға жазылу